Наргиза Болатова мен Виктор Друзин жүлдегер атанды
Қазақстан құрамасының жүзу спортшылары Наргиза Болатова мен Виктор Друзин Канаданың Торонто қаласында өткен Әлем кубогының суперфиналында жүлдегер атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Спортшылар аралас дуэт (еркін бағдарлама) сайысында қола медаль жеңіп алды.
Болатова мен Друзин төрешілерден 243.8800 ұпай жинады. Ал алтын жүлдені Ұлыбритания өкілдері Изабэль Торп пен Ранджуо Томблин (264.3033 ұпай) иеленді. Күміс медаль Чили спортшылары Теодоро Гарриодо мен Николас Кампосқа бұйырды (244.7409 ұпай).
Айта кетелік, Виктор Друзин бұған дейін жеке бағдарламада күміс және қола медаль иеленген болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или