Әсем Орынбай әлем чемпионатының финалына шықты

Әсем Орынбай әлем чемпионатының финалына шықты

Қазақстандық спортшы Әсем Орынбай Катар астанасы Дохада өтіп жатқан стенд атудан әлем чемпионатының финалына жолдама алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстан құрамасының өкілі «скит» дисциплинасының іріктеу кезеңінде бес раундтың қорытындысы бойынша 125 нысананың 121-ін дәл көздеді.

Бірнеше спортшы бірдей нәтиже көрсеткендіктен, финалға жолдама иегерлері қосымша атыс арқылы анықталды. Әсем Орынбай бұл сыннан сәтті өтіп, жетінші орынмен шешуші кезеңге жолдама алды.

Іріктеуде британиялық Эмбер Раттер үздік нәтиже көрсетті. Ол 123 нысананы дәл көздеді. Ал қытайлық Цзян Чаоюй мен франциялық Ноэми Батто 122 ұпайдан жинады.

Аталған дисциплинада Қазақстан атынан Зоя Пискун мен Ольга Хайлова да өнер көрсетті.

Пискун 117 нысананы дәл көздеп, 17-орынға тұрақтады. Ал Хайлова 101 ұпаймен жарысты 62-орында аяқтады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или
реклама
реклама
реклама
реклама