Екатерина Таранцева Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды
Қазақстандық ескек есуші Екатерина Таранцева Жапонияның Айти және Нагоя қалаларында өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында жүлдегер атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.
ҚР ҰОК мәліметінше, әйелдер арасындағы байдарка-одиночка жарысының финалында Қазақстан спортшысы қашықтықты 112,23 секундта бағындырды. Бұл нәтиже Таранцеваға үшінші орын алып, Азия ойындарының қола медалін жеңіп алуға мүмкіндік берді.
Жарыста алтын жүлдені жарыс қожайыны, жапониялық Ито К. 107,60 секунд нәтижесімен иеленді. Қытайлық Чэнь Линь 111,70 секунд көрсеткішпен күміс медальға қол жеткізді.
Осылайша, Екатерина Таранцева Қазақстан қоржынына 2026 жылғы Азия ойындарының кезекті медалін салды
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или