Қазақстандық Александра Ле әлем чемпионатының финалына жолдама алды

Қазақстандық Александра Ле әлем чемпионатының финалына жолдама алды

Қазақстандық Александра Ле Катардың Доха қаласында өтіп жатқан нысана көздеуден әлем чемпионатының финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің мәліметінше, қазақстандық спортшы 50 метр қашықтықтан шағын калибрлі винтовкамен үш қалыпта ату сайысының іріктеу кезеңінде сәтті өнер көрсетті.

Александра Ле іріктеу қорытындысы бойынша 590 ұпай жинап, алтыншы орынға тұрақтады. Осылайша ол үздік сегіз спортшының қатарына еніп, финалға жолдама алды.

Іріктеу кезеңінде Ұлыбритания өкілі Сеонайд Макинтош 597 ұпаймен үздік нәтиже көрсетті. Екінші орынға норвегиялық Жанетт Хегг Дуэстад (594 ұпай), ал үшінші орынға сербиялық Александра Стоядинович (593 ұпай) жайғасты.

Осылайша Александра Ле әлем чемпионатының жүлдесі үшін таласу мүмкіндігін сақтап қалды.

Финалдық кезең 9 қарашаға жоспарланған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или
реклама
реклама
реклама
реклама