Қазақстандық жағажай волейболшылары Азия ойындарының ширек финалына шықты

Қазақстандық жағажай волейболшылары Азия ойындарының ширек финалына шықты

Қазақстандық Лаура Қабылбекова мен Мерей Қожахмет Азия ойындарындағы жағажай волейболы турниріндегі жарыс жолын жалғастыруда, деп хабарлайды Prosports.kz.

1/8 финалда қазақстандық жұп Гонконг өкілдері То Винтун мен То Винманға қарсы ойнады. Тартысты өткен кездесуде Қожахмет пен Қабылбекова екі партияның да соңында басымдық танытып, 2:0 (21:19, 21:19) есебімен жеңіске жетті.

Осылайша, Қазақстан құрамасының өкілдері жарыстың ширек финалына шығып, Азия ойындарының медальдары үшін күресті жалғастырады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или