Ирина Юнусметова Қазақстан қоржынына әлем чемпионатының алғашқы медалін салды
Қазақстандық спортшы Ирина Юнусметова Қатар астанасы Дохада өтіп жатқан нысана көздеуден әлем чемпионатында ел қоржынына алғашқы медальді салды. Бұл туралы Prosports.kz хабарлайды.
Отандасымыз 50 метр қашықтықтан тапаншамен нысана көздеу сайысында қола жүлдеге ие болды.
Ирина Юнусметова жарыс қорытындысы бойынша 537 ұпай жинап, үшінші орынға тұрақтады.
Алтын медальді 546 ұпай жинаған Түркия өкілі Севвал Илайда Тархан жеңіп алды. Күміс жүлде 542 ұпаймен өнер көрсеткен армениялық Эльмира Карапетянға бұйырды.
Юнусметованың бұл жүлдесі Қазақстан спорты тарихындағы айтулы жетістік болды. Ол осы дисциплина бойынша әлем чемпионатында ел қоржынына түскен алғашқы медаль атанды.
Дохадағы әлем чемпионаты 1 қарашада басталды және 14 қарашаға дейін жалғасады.