Астана WDSF әлем чемпионатын өткізуге дайындалуда

Астана WDSF әлем чемпионатын өткізуге дайындалуда

2026 жылғы 24 қазанда Астанада алғаш рет латынамерикалық бағдарлама бойынша жастар арасындағы WDSF жеке орындау әлем чемпионаты – World Championship Youth S010 Latin өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жарысқа әлемнің 20-дан астам елінен спортшылар қатысады деп күтілуде.

Қазақстан әлем чемпионатын өткізу құқығын Дүниежүзілік спорттық би федерациясынан (WDSF) алды. Турнирдің басты серіктесі – «Samruk-Kazyna Trust» корпоративтік қоры.

Бұл санаттағы әлем чемпионатының Қазақстанда өтуі еліміздегі спорттық бидің дамуы үшін маңызды оқиға болмақ. Қазақстандық спортшылар өз жерінде әлемдік деңгейдегі жарысқа қатысып, халықаралық жарыстарда тәжірибе жинауға және өз дайындығын басқа елдердің өкілдерімен бәсекеде сынауға мүмкіндік алады.

Сонымен қатар турнир Қазақстанда спорттық биді кеңінен насихаттауға, балалар мен жастарды спортпен айналысуға тартуға және осы бағыттағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуға ықпал етеді.

World DanceSport Federation (WDSF) – спорттық бидің дамуын реттейтін және Халықаралық Олимпиада комитеті (IOC) мойындаған халықаралық ұйым. Қазақстан Республикасының Спорттық би федерациялары қауымдастығы WDSF-тің толыққанды мүшесі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или