Қазақстан атынан жасөспірімдер Олимпиадасына 18 спортшы қатысады
2026 жылы Сенегалдың Дакар қаласында өтетін жасөспірімдер Олимпиадасында Қазақстан намысын 11 спорт түрінен 18 спортшы қорғайды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстан құрамасы:
• Таеквондо: Любовь Юн.
• Триатлон: Рамазан Айнегов.
• Жеңіл атлетика: Маргарита Косинова (400 метрге кедергілер арқылы жүгіру), Максим Сажнев (диск лақтыру).
• Спорттық гимнастика: Ева Тациева, Андрей Терман.
• Бокс: Ақнұр Тұрсынғали, Марал Төлепберген, Бибарыс Аширбай.
• Шосседегі велоспорт: Әнел Ташбай, Глеб Новиков.
• Дзюдо: Фатима Супығалиева.
• Жағажай волейболы: Оразалы Сағыныш, Алихан Ағабек.
• Жүзу: Анатолий Руденко, Дарья Чеснокова.
• Семсерлесу (қылыш): Айбар Қайым.
• Брейкинг: Айзара Жұмабекова.
Жасөспірімдер Олимпиадасы 2026 жылдың 31 қазаны мен 13 қарашасы аралығында Дакарда өтеді. Бұл — осындай деңгейдегі жарыстың Африка құрлығында алғаш рет ұйымдастырылуы.