Қазақстандық ағайынды ескекшілер Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды

Қазақстандық ағайынды ескекшілер Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды

Қазақстандық ескекшілер Сергей және Тимофей Емельяновтар 2026 жылғы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Каноэ-екіліктер арасындағы 500 метр қашықтықтағы финалда қазақстандық экипаж 1:44.972 нәтиже көрсетіп, үшінші орынға ие болды. Бұл жарыста Қытай спортшылары (1:40.741) алтын медаль жеңіп алса, Өзбекстан өкілдері (1:42.878) күміске қол жеткізді.

Осылайша, Қазақстан құрамасы Жапонияның Айти префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында ескек есу спортынан бірден үш медаль жеңіп алды.

Қазақстандық экипаждар бұған дейін алтын және күміс медаль иеленсе, медальдар сериясын ағайынды Емельяновтардың қола жүлдесі түйіндеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или