Қазақстан құрамасы ескек есуден қола медаль жеңіп алды

Қазақстан құрамасы ескек есуден қола медаль жеңіп алды

Қазақстан әйелдер құрамасы Жапонияның Айти және Нагоя қалаларында өтіп жатқан Азия ойындарында байдарка мен каноэде ескек есуден финалға қатысып, қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық спортшылар байдарка-төрттіктер арасындағы 500 метр қашықтықтағы А финалында бақ сынады.

Қазақстан экипажы қашықтықты 1 минут 37,005 секундта бағындырып, қола жүлдеге ие болды.

Алтын медальді Қытай құрамасы 1:33.784 нәтижесімен жеңіп алды. Күміс жүлде Өзбекстан құрамасына бұйырды — 1:36.561.

Қазақстан ұлттық құрамасы сапында Ольга Шмелева, Стэлла Суханова, Татьяна Токницкая және Эвелина Костенко өнер көрсетті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или