Астанада Халықаралық Олимпиада күніне орай балалар арасында су добынан турнир өтті

Астанада Халықаралық Олимпиада күніне орай балалар арасында су добынан турнир өтті

Астанадағы «Барыс Арена» бассейнінде Халықаралық Олимпиада күніне арналған балалар арасындағы су добынан турнир өтті. Іс-шараны Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті ұйымдастырды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҰОК-ке сілтеме жасап.

Жарысқа жас спортшылар қатысып, Олимпиада құндылықтарын насихаттауға бағытталған мерекелік іс-шаралардың бір бөлігіне айналды. Турнир екі жас санаты бойынша өткізілді. Бірінші санатта 11 жасқа дейінгі балалардан құралған 16 команда бақ сынаса, екінші санатта 11 жастан асқан спортшылардан жасақталған 19 команда қатысты.

Күні бойы қатысушылар бірнеше матч өткізіп, командалық ойындағы шеберліктерін көрсетуге, жарыс атмосферасын сезінуге және ірі спорттық іс-шараға қатысу тәжірибесін жинақтауға мүмкіндік алды. Ұйымдастырушылар нәтижеден гөрі балалардың белсенді қатысуына, командалық өзара әрекетке және спортқа деген қызығушылықты арттыруға басымдық берді.

«Халықаралық Олимпиада күні спорттың жасына және дайындық деңгейіне қарамастан адамдарды біріктіре алатынын жыл сайын еске салады. Әсіресе мұндай іс-шараларға көп баланың қатысуы маңызды. Олардың көпшілігі үшін бұл – үлкен Олимпиада отбасының бір бөлігі екенін сезінуге, жаңа тәжірибе жинауға және жағымды эмоциялар алуға мүмкіндік. Бұл турнир көптеген балаға жаттығуды жалғастырып, өз алдына үлкен мақсаттар қоюға қосымша серпін береді деп сенеміз», – деп атап өтті ҚР ҰОК өкілдері.

Турнир соңында барлық қатысушыларға естелік сертификаттар мен сыйлықтар табысталды.

Айта кетейік, Халықаралық Олимпиада күні жыл сайын 23 маусымда Халықаралық Олимпиада комитетінің 1894 жылы құрылған күніне орай атап өтіледі.


Қазақстандық атлеттер Азия чемпионатында топ жарды

Қазақстандық жеңіл атлет әлеуметтік желі жұлдызына айналды

Қазақстан Италиядағы Әлем кубогы кезеңіне қатысатын құрамды жариялады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или