Қазақстандық спортшы шетелдіктерді тәнті етті

Қазақстандық спортшы шетелдіктерді тәнті етті

Қазақстандық жеңіл атлет Жасмин Бегалинова шетелдік әлеуметтік желілердің жаңа жұлдызына айналды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Биіктікке секіру жарысында түсірілген спортшының фотосуреттері санаулы сағаттың ішінде Threads пен Instagram желісінде кеңінен тарап кетті. Шетелдік қолданушыларды қазақстандық спортшының ерекше шаш үлгісі мен жарқын бейнесі тәнті еткен. 


Танымалдығы күрт артқан соң Бегалинова жаңа жазылушыларына үндеу жасады. Ол өзінің қазақ қызы екенін, Қазақстанда тұратынын және биіктікке секірумен айналысатынын айтты. Сондай-ақ спортшы қолдау көрсеткендердің барлығына алғыс білдіріп, алдағы уақытта жаңа жетістіктерге жету үшін аянбай еңбек ететінін жеткізді.

Жасмин 2026 жылы ақпанда өткен Қазақстан чемпионатында U18/U20 жасөспірімдер санаты бойынша күміс жүлдегер атанған.

Шетелдік қолданушылар жеңіл атлеттің келбетіне тәнті болып, мыңдаған пікір қалдырған. Олардың көпшілігі әзіл ретінде Қазақстанға көшіп келуге дайын екенін жазса, кейбірі Бегалинованы танымал Overwatch және Final Fantasy бейнеойындарындағы кейіпкерлермен салыстырған. 

Темірлан Әбдірайымов Венгриядағы әлем кубогы кезеңінің жартылай финалына шықты

Қазақстан Италиядағы Әлем кубогы кезеңіне қатысатын құрамды жариялады

Қазіргі бессайыс: Будапештте әлем кубогы басталады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или