Азия чемпионаты: Қазақстандық атлеттер чемпион атанды

Азия чемпионаты: Қазақстандық атлеттер чемпион атанды

Қытайдың Шаосин қаласында өтіп жатқан эстафеталық жүгіруден Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы алғашқы жүлдесіне қол жеткізді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҰОК-қа сілтеме жасап.

Қазақстандық жеңіл атлеттер 4×400 метрлік аралас эстафетада жеңімпаз атанып, алтын медаль иеленді. Эльнор Мұхитдинов, Мария Шувалова, Андрей Соколов және Аделина Земс мәреге 3:16.75 нәтижесімен бірінші болып жетті.

Күміс медальді Үндістан құрамасы жеңіп алды – 3:17.06. Ал Қытай командасы 3:17.20 нәтижесімен үшінші орынға тұрақтады.

Азия чемпионаты 21 маусымда аяқталады. Қазақстан құрамасы ерлер және әйелдер арасындағы 4×400 метрлік эстафета жарыстарында да бақ сынайды.

Қазақстандық жеңіл атлет әлеуметтік желі жұлдызына айналды

Қазақстан Италиядағы Әлем кубогы кезеңіне қатысатын құрамды жариялады

Темірлан Әбдірайымов Венгриядағы әлем кубогы кезеңінің жартылай финалына шықты


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или