Ясмина Токсанбаева Азия ойындарындағы алтын жүлдесінен айырылды

Ясмина Токсанбаева Азия ойындарындағы алтын жүлдесінен айырылды

Жапонияда өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарындағы әйелдер арасындағы спорттық жүрістен марафон жарысы төрешілер шешімімен аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

21 жастағы қазақстандық жеңіл атлет Ясмина Токсанбаева мәреге бірінші болып келгенімен, ресми түрде жарыстан шеттетілді. Оның нәтижесі жойылып, жеңіп алған алтын медалі кері қайтарылды.

Жеңістен дисквалификацияға дейін

2026 жылғы 27 қыркүйекте Токсанбаева 42,195 шақырымды 3 сағат 22 минут 20 секундта жүріп өтіп, Қытайлық ең жақын қарсыласын төрт минутқа жуық уақытқа басып озды. Бұл жеңіс Қазақстан үшін тарихи нәтиже болуға тиіс еді. Алайда кейін спортшының нәтижесі жойылды.

Дисквалификацияға себеп болған жағдай

Медальдан айырылуға спортшының жарыста пайдаланған аяқ киімі себеп болған. Мәреден кейін Жапония тарапы ресми наразылық білдірген. World Athletics сарапшылары спортшының жабдығын тексеріп, Токсанбаева киген ASICS аяқ киім үлгісі рұқсат етілген аяқ киімдердің ресми тізімінде жоқ екенін анықтаған.

Алдын ала мәлімет бойынша, аяқ киімнің табаны белгіленген талаптан 4 миллиметрге қалың болған.

Медальдар қалай бөлінді?

Қазақстандық спортшы дисквалификацияланғаннан кейін Азия ойындарының алтыны Қытай өкілі Данцзин Цюйцзунға берілді. Күміс медаль оның отандасы Ли Маға, ал қола жүлде Жапония спортшысы Юкико Умэноға табысталды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или