Италиядағы Әлем кубогы кезеңіне кімдер қатысады?
Қазақстан ұлттық құрамасы стенд атудан Италияның Лонато қаласында өтетін Әлем кубогы кезеңіне қатысады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ел намысын халықаралық жарыста 20 спортшы қорғайды. Құрамға Әсем Орынбай, Элеонора Ибрагимова, Даниил Почивалов, Марк Почивалов, Әлішер Айсалбаев, Айжан Досмағамбетова, Лидия Башарова, Ольга Хайлова және өзге де мергендер енді.
Халықаралық турнир 3–13 шілде аралығында өтеді.
Айта кетелік, бұған дейін Алматыда өткен Әлем кубогы кезеңінде Әсем Орынбай алтын медаль жеңіп алған болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или