Аян Бейсенбаев Астанада өткен триатлоннан жеңімпаз атанды

Аян Бейсенбаев Астанада өткен триатлоннан жеңімпаз атанды

Қазақстан құрамасының өкілі Аян Бейсенбаев Астанада өткен триатлоннан Азия кубогы кезеңінде жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Спортшы жарыс қашықтығын 54 минут 5 секундта еңсеріп, мәреге бірінші болып жетті.

Екінші орынды Люксембург өкілі Тео Матри (+3 секунд) иеленсе, үздік үштікті Чехия спортшысы Радим Гребик (+4 секунд) түйіндеді.

Айта кетелік, Қазақстанның басқа өкілдері де жарысқа қатысып, Егор Крупяков сегізінші, Дарын Қонысбаев 11-орыннан көрінді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или