Қазақстандық спортшы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алды
Германияның Зуль қаласында өтіп жатқан оқ атудан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы алғашқы медалін жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҰОК-қа сілтеме жасап.
Әлем біріншілігінің күміс жүлдегері атанған Ринат Казаченко Қазақстан қоржынына алғашқы жүлдені салды.
Қазақстандық мерген 50 метр қашықтықтан шағын калибрлі винтовкамен үш қалыпта ату бағдарламасында екінші нәтиже көрсетті. Финалда ол 355,2 ұпай жинады.
Алтын медальді Рохит Каньян жеңіп алды — 355,9 ұпай. Үздік үштікті Патрик Энтнер түйіндеді — 344,0 ұпай.
Айта кетейік, бұл Қазақстан құрамасының осы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатындағы алғашқы жүлдесі болды.
Қазақстандық спортшы әлем кубогының суперфиналында қола медаль жеңіп алды
Қазақстан құрамасы жартылай финалға жолдама алды
Қазақстандық Олимпиада чемпионы жанкүйерлерге қолдау көрсетті