Волейболдан Азия кубогы: Қазақстан құрамасы төртінші жеңісін тойлады

Волейболдан Азия кубогы: Қазақстан құрамасы төртінші жеңісін тойлады

Филиппиннің Кандон қаласында волейболдан әйелдер командалары арасында өтіп жатқан Азия кубогы ойындарында Қазақстан құрамасы жартылай финалға жолдама алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстан құрамасы ширек финалда Ливанды 25:11, 25:19, 25:14 (3:0) есебімен айқын басымдықпен жеңді.

Бұл жеңістен кейін Қазақстан құрамасы мерзімінен бұрын Азия кубогының жартылай финалына шықты. Олардың еншісінде жалпы 12 ұпай бар.

Енді қазақстандық волейболшылар Вьетнам құрамасына қарсы ойнайды. Бұл топтық олардың топтық кезеңдегі соңғы ойындары. Ойын қорытындысы бойынша В тобындағы үздіктер анықталады.

Бұған дейін Қазақстан құрамасы Иранды 3:1, Индонезияны 3:0, Гонконгты 3:1 есебімен ойсырата жеңген еді.

Қазақстан құрамасы үш кездесуін де жеңіспен аяқтады

Волейбол: «Жетісу» ерлер клубы алғаш рет ел чемпионы атанды

«Жайық» волейбол клубы қола жүлдегер атанды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или