Волейболдан Қазақстан ерлер құрамасы AVC Ұлттар кубогына қатысады
Волейболдан Қазақстанның ерлер құрамасы Үндістанда өтетін AVC Ұлттар кубогына қатысады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстан құрамасы А тобына түсті. Бұл топта Бахрейн, Аустралия, Үндістан, Тайбэй және Жаңа Зеландия құрамалары да өнер көрсетеді.
Турнир 20 маусымда басталып, 28 маусымға дейін жалғасады. Қазақстандық волейболшылар алғашқы ойынын Үндістан құрамасына қарсы өткізеді.
Айта кетейік, әйелдер арасындағы AVC Ұлттар кубогында Қазақстан құрамасы төртінші орын алған болатын.
Волейболдан Азия кубогы: Қазақстан құрамасы жүлдесіз қалды
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или