Қазақстандық волейболшылар қола жүлдеге таласады

Қазақстандық волейболшылар қола жүлдеге таласады

Волейболдан Қазақстан әйелдер құрамасы AVC Ұлттар кубогының жартылай финалында Тайвань құрамасына есе жіберіп, финал жолдамасынан айырылды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жартылай финалдық кездесуде қазақстандық волейболшылар қарсыласына 0:3 (23:25, 16:25, 14:25) есебімен жол берді. Енді ұлттық құрама қола жүлде үшін таласады.

Ең тартысты бірінші партия болды. Қазақстан құрамасы соңына дейін қарсыласымен тең дәрежеде ойнағанымен, шешуші сәттерде Тайвань волейболшылары басым түсті. Ал екінші және үшінші сеттерде қарсылас ойын тізгінін толық өз қолына алып, сенімді жеңіске жетті.

Қазақстан құрамасы сапында ең нәтижелі ойыншы Татьяна Яцкив болды. Ол 12 ұпай жинады. Кристина Белова 10 ұпай, Юлия Фоменко 7 ұпай және Жанна Сыроешкина 6 ұпай еншіледі.

Айта кетелік, финалда Тайвань құрамасы Оңтүстік Корея мен Вьетнам арасындағы матч жеңімпазымен кездеседі. Ал Қазақстан құрамасы турнирдің қола медалі үшін ойын өткізеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или