Волейболдан Азия кубогы: Қазақстан құрамасы керемет камбек жасады

Волейболдан Азия кубогы: Қазақстан құрамасы керемет камбек жасады

Үндістанның Ахмедабад қаласында волейболдан ерлер командалары арасында Азия кубогы ойындары өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

А тобында сынға түсіп жатқан Қазақстан ерлер құрамасы AVC Nations Cup екінші ойынында Аустралиядан 3:2 есебімен басып түсті. Біздің жігіттер 0:2 жеңіліп жатып жеңісті жұлып алды.

Айта кетейік, бірінші ойында алаң иелері Иранға 0:3 есебімен есе жіберген еді.

Қазақстандықтар 23 маусымда Қытайлық Тайбэй, 25-інде Бахрейн, 26-сында Жаңа Зеландия командаларымен шеберлік байқасады.

Әр топтан қос үздік құрама жартылай финалға жолдама алады.

Волейболдан Азия кубогы: Қазақстан құрамасы алаң иелеріне жол берді

Қазақстандық спортшы әлем кубогы суперфиналында екінші медалін жеңіп алды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или