Волейболдан Азия кубогы: Қазақстан топтағы барлық матчында жеңіске жетті

Волейболдан Азия кубогы: Қазақстан топтағы барлық матчында жеңіске жетті

Филиппиннің Кандон қаласында волейболдан әйелдер командалары арасында өтіп жатқан Азия кубогы ойындарында Қазақстан құрамасы В тобында бірінші орынға ие болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Топтағы соңғы матчта Асқар Шалқыбековтің шәкірттері жарыстың басты фавориттерінің бірі Вьетнам командасымен кездесті.

Осыған дейін Қазақстан қоржынында 12 ұпай болса, Вьетнамның одан бір ғана ұпайы кем еді. Сондықтан жеңген құрама өз тобынан бірінші орынмен жартылай финалға жолдама алатын еді. 

Матч аса тартысты өтті. Бірінші партияда вьетнамдықтар 25:18 есебімен басым түссе, екіншісінде қазақстандық қыздар есе қайырды — 25:19. Үшіншісінде Вьетнам 25:23 есебімен алға шыққанымен, төртіншісінде Қазақстан қайта теңестірді — 25:22. Содан кейін бесінші сетте жеңісті жұлып алды — 15:13. Қорытынды есеп — 3:2.

Осылайша, Қазақстан құрамасы В тобында 14 ұпаймен бірінші орынға ие болды. Вьетнам (12 ұпай) екінші сатыда қалды.

Енді қазақстандықтар жартылай финалда А тобында екінші орын алған командамен шеберлік байқасады. Бұл топта көшбасшылық үшін Оңтүстік Корея мен Тайбэй таласады. Олардың екеуінде де 12 ұпайдан бар.

Қазақстан құрамасы жартылай финалға жолдама алды

Қазақстан құрамасы үш кездесуін де жеңіспен аяқтады

Волейбол: «Жетісу» ерлер клубы алғаш рет ел чемпионы атанды



Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или