Волейболдан Азия кубогы: Қазақстан құрамасы топтық кезеңді үш жеңіске қол жеткізді
Филиппиннің Кандон қаласында волейболдан әйелдер командалары арасында өтіп жатқан Азия кубогы ойындарында Қазақстан құрамасы үшінші кездесуінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Асқар Шалқыбековтің шәкірттері бұл жолы В тобында Иран командасымен шеберлік байқасты. Өткен айда Орталық Азия чемпионатында қазақстандық қыздар Ираннан екі мәрте жеңіліп қалған болатын.
Азия кубогында алғашқы матчында Индонезияға 1:3 есебімен есе жібергендіктен, ирандықтарға шегінер жер жоқ еді. Олар Қазақстанмен ойынды сәтті бастады – 25:13. Дегенмен бұдан кейін қазақстандықтар шеберліктерінің деңгейі жоғары екенін көрсетіп, камбэк жасай білді - 25:20, 25:14, 25:19.
Команда капитаны, байланыстырушы Наталья Хазова ойынды үйлестірсе, Кристина Белова, Татьяна Яцкив шабуылда көбірек ұпай алды. Жанна Сырожкина, Айгүл Мүлкібаева, либеро Әмина Қырықбаева жеңіске өз үлестерін қосты. Юлия Фоменко тосқауыл қоюда ерекше көзге түсті.
Осылайша, үш бәсекеде 9 ұпайға қол жеткізген Қазақстан құрамасы жартылай финалға бір табан жақындай түсті. Қазақстандықтар 11 маусымда Ливанмен, 12-сінде Вьетнаммен алаңға шығады.
Волейбол: «Жетісу» ерлер клубы алғаш рет ел чемпионы атанды
«Жайық» волейбол клубы қола жүлдегер атанды
«Жетісу» волейбол клубы оныншы рет Қазақстан чемпионы атанды