Волейбол Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері анықталды
Ақтөбе қаласында волейболдан ұлттық лига командалары арасында Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Қола жүлде үшін бәсекеде Виктор Козик жаттықтыратын Оралдың «Жайығы» мен «Атырау» клубы (бас бапкері Игорь Никольченко) екінші кездесуін өткізді.
Кеше оралдықтар 3:1 есебімен басым түскен болатын. Қос команда кешегі құрамды өзгерте қойған жоқ. Бұл жолы «Жайық» клубы үш сетте жеңіске жетті – 3:0 (25:22, 25:22, 25:20).
Осылайша, өткен жылы ел чемпионы атанған В.Козиктің шәкірттері биыл қола жүлдені қанағат тұтты. Ал 2025 жылы үздік үштікті түйіндеген атыраулықтар биыл жүлдесіз қалды.
Сабина Алтынбекова ерекше видеода бой көрсетті
«Жетісу» волейбол клубы оныншы рет Қазақстан чемпионы атанды