Волейболшы Сабина Алтынбекова ерекше видеода бой көрсетті
Қазақстандық волейболдың аңызға айналған тұлғасы Сабина Алтынбекова әлеуметтік желілерінде әнші Yenlik-тің трегіне ерекше видео жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты Sports24.kz-ке сілтеме жасап.
Қазақстандық волейболшы Сабина Алтынбекова Instagram парақшасында рэпер Yenlik-тің қарқынды әуенімен формасында допты әсерлі ұрып тұрған видеоны жариялады. Айта кетейік, бұл спортшы қатысатын жаңа жобаның промо ролигі болуы мүмкін – түсірілім және режиссура саласының мамандары пікір қалдырған.
«Jai jatpaimyz. Soon…», – делінген видео сипаттамасында.
Алайда, өзге мәліметтерді спортшы да, пікір қалдырғандар да ашып айтқан жоқ.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или