Волейболдан Қазақстан ерлер құрамасының бас бапкері белгілі болды

Волейболдан Қазақстан ерлер құрамасының бас бапкері белгілі болды

Сергей Трикоз Қазақстан ерлер құрамасының бас бапкері қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Бұл жөнінде федерацияның баспасөз қызметі мәлім етті.

Сергей Трикоз бұған дейін «Атырау» клубында (2017/18), «Ақтөбе» клубында (2020/21/22) жұмыс атқарған. Сонымен қатар Қазақстанның U21 жастар құрамасын жаттықтырып, Әлем чемпионатында ел намысын қорғаған.

Еске салсақ, бұдан бұрын «Жетісу» волейбол клубы Азия чемпиондар лигасының қола жүлдегері атанды.

Қазақстанның он дүркін чемпионы «Жетісу» (Талдықорған) командасы таиландық «SUPREME CHONBURI» клубымен қола медальді сарапқа салды.

Нәтижесінде өткен жылы жеңімпаз атанған талдықорғандықтар биыл қола жүлдеге қол жеткізді

Волейбол: «Жетісу» ерлер клубы алғаш рет ел чемпионы атанды

«Жетісу» волейбол клубы оныншы рет Қазақстан чемпионы атанды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или