«Жетісу» волейбол клубы оныншы рет Қазақстан чемпионы атанды

«Жетісу» волейбол клубы оныншы рет Қазақстан чемпионы атанды

Астана қаласында «Барыс арена» стадионында волейболдан әйелдердің ұлттық лига командалары арасында Қазақстан чемпионатының екінші финалдық кездесуі аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Кеше Қазақстанның тоғыз дүркін чемпионы «Жетісу» (Талдықорған) командасы «Қуанышты» (бас бапкері Юрий Панченко) 3:2 есебімен тізе бүктірген еді.

Бұл жолы алғашқы екі партияда сербиялық маман Марко Гршичтің шәкірттері басымдылық танытты — 25:13, 25:21.

Үшінші сетті Орал волейболының түлегі, «Қуаныш» және Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Сана Анарқұлова бастаған солтүстікқазақстандықтар өз пайдасына жазды — 25:21.

Төртінші сетте «Жетісудың» капитаны, ресейлік Мария Фролова жеңіс нүктесін қойды — 25:21. Қорытынды есеп — 3:1.

Осылайша, «Жетісу» клубы өз тарихында оныншы рет Қазақстан чемпионатында үздік шықты.

Қола жүлде үшін бәсекеде бүгін «Берел» (Өскемен) командасы Түркістанның «Тұранын» 3:1 (20:25, 25:16, 25:23, 25:17) жеңіп, есепті теңестірді. Қазақстан біріншілігінің қола жүлдегері ертең қосымша үшінші матчта анықталады.

Ал 5-8 орындар үшін ойындарда ақтөбеліктер «Қарағандыдан» 3:0 (25:17, 25:14, 25:18) есебімен басым түссе, алматылықтар «Астанадан» айласын асырды — 3:0 (25:11, 25:22, 25:18).


Қазақстанда паделден халықаралық турнир өтеді

Шок мәлімдеме: Рахмонов балаларынан бас тартты ма?

Қазақстандық спортшылар Азия кубогы кезеңінде үш финалға жолдама алды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или