Волейбол: «Жетісу» ерлер клубы ел чемпионатында топ жарды

Волейбол: «Жетісу» ерлер клубы ел чемпионатында топ жарды

Ақтөбе қаласында волейболдан ерлердің ұлттық лига командалары арасында Қазақстан чемпионатының биылғы жеңімпазы анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Чемпиондық атақты өткен жылғы күміс жүлдегер «Ақтөбе» мен «Жетісу» клубы (Талдықорған) сарапқа салды.

Жеңімпаз үшінші, шешуші кездесуде анықталды. Бұған дейін алдымен Сергей Трикоз жаттықтыратын ақтөбеліктер «Жетісуды» 3:1 есебімен жеңген еді. Дегенмен кеше Марат Адрышевтің шәкірттері дәл сондай есеппен есе қайырды. 

Бұл жолы талдықорғандықтар матчты үш сетте жеңіспен аяқтады — 3:0 (26:24, 25:23, 25:22). Осылайша, «Жетісу» ерлер клубы өз тарихында алғаш рет Қазақстан чемпионы атанды.

Ақтөбеліктер екінші жыл қатарынан күміс жүлдені қанағат тұтты.

«Жайық» волейбол клубы қола жүлдегер атанды

«Жетісу» волейбол клубы оныншы рет Қазақстан чемпионы атанды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или