Волейболдан Азия кубогы: Қазақстан құрамасы жеңіліс тапты

Волейболдан Азия кубогы: Қазақстан құрамасы жеңіліс тапты

Үндістанның Ахмедабад қаласында волейболдан ерлер командалары арасында Азия кубогы ойындары өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан құрамасы А тобында алғашқы ойынын алаң иелерімен өткізді. Бірінші партияда үндістандық волейболшылар 25:16 есебімен басымдылық танытты. Сергей Трикоздың шәкірттері барын салғанымен, бұдан кейін де алаң иелері дес бермеді - 25:21, 25:15. Қорытынды есеп - 3:0.

Қазақстандықтар 22 маусымда Аустралия, 23-інде Қытайлық Тайбэй, 25-інде Бахрейн, 26-сында Жаңа Зеландия командаларымен шеберлік байқасады.

Әр топтан қос үздік құрама жартылай финалға жолдама алады.

Olympic Day: Астанада триатлон және жүзуден жарыстар өтті


Қазақстан каратэден Азия чемпионатын үздік үштікте аяқтады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или