Қазақстандық ескекшілер «Үлкен Мәскеу регатасында» үш медаль жеңіп алды

Қазақстандық ескекшілер «Үлкен Мәскеу регатасында» үш медаль жеңіп алды

Қазақстан құрамасы Мәскеуде өткен академиялық ескек есу бойынша халықаралық «Үлкен Мәскеу регатасында» 1 алтын, 1 күміс және 1 қола медаль иеленді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жүлдегерлер:

  • Семен Первушкин, Дмитрий Ануприев — Jm2- санатында алтын
  • Бауыржан Сұлтанов, Александр Афанасьев — LM2x санатында күміс
  • Роза Кеңес— Lw1x санатында қола

Айта кетейік, биыл «Үлкен Мәскеу регатасы» 65-ші рет ұйымдастырылды. Жарысқа 6 елден шамамен 1300 спортшы қатысты. Ересектермен қатар U19, U23 санатындағы спортшылар, ардагерлер мен параспортшылар да жүлделер үшін бақ сынады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или