Қазақстан нысана көздеуден күміс алды
Германияның Зуль қаласында өтіп жатқан нысана көздеуден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы алғашқы жүлдесіне қол жеткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстандық мерген Ринат Казаченко 50 метр қашықтықтағы шағын калибрлі винтовкамен үш қалыпта ату сайысында күміс медаль иеленді. Финалда ол 355,2 ұпай жинады.
Алтын жүлдені үндістандық Рохит Каньян (355,9 ұпай) жеңіп алса, қола медаль австриялық Патрик Энтнерге (344,0 ұпай) бұйырды.
Айта кетелік, Ринат Казаченконың күміс жүлдесі Қазақстан құрамасының осы әлем чемпионатындағы алғашқы медалі болып тіркелді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или