Қазақстан каратэден Азия чемпионатын үздік үштікте аяқтады
Бүгін Индонезияның Бали аралында WKF каратэден ересектер арасындағы XXII Азия чемпионаты мәресіне жетті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан командасы 2 алтын, 2 күміс, 3 қола медальмен жалпыкомандалық есепте 3-орынға тұрақтады.
Алтын жүлдегерлер:
Жоламан Биғабыл (-55 кг)
Олжас Алтынбек (-67 кг)
Күміс жүлдегерлер:
Әсел Қанай (-61 кг)
Нұрқанат Әжіқанов (-75 кг)
Қола жүлдегерлер:
Бэлла Самашева (-55 кг)
Дайяна Даренская (-68 кг)
Никита Тарнакин (-84 кг)
Жалпыкомандалық есеп:
1. Жапония (5 алтын, 3 күміс, 5 қола)
2. Иран (3 алтын, 1 күміс, 5 қола)
3. Қазақстан (2 алтын, 2 күміс, 3 қола)
4. Иордания (2 алтын, 2 күміс)
5. Сауд Арабиясы (1 алтын, 2 күміс, 1 қола)
Биылғы чемпионатқа құрлықтағы 33 мемлекеттен 400-ден астам спортшы қатысты. Бұл жарыс Қазақстан командасы үшін күзде Жапонияда өтетін XX жазғы Азия ойындарына дайындықтың негізгі кезеңі саналады.
Астанада Халықаралық Олимпиада күніне орай балалар арасында су добынан турнир өтті