GGG – «Канело»: Үшінші жекпе-жек қыркүйекте өтуі мүмкін

Мексикалық боксшы Сауль Альварестің бапкері Эдди Рейносо қазақстандық Геннадий Головкинмен үшінші жекпе-жек өткізуге қарсы емес екенін айтты, деп жазады Prosports.kz.
Тәлімгердің айтуынша, «Канело» Мексиканың ұлттық мерекесі «Синко де майо» күні Головкинмен кездеспейді. Бұл жекпе-жек қыркүйекте өткі мүмкін.
- «Канело» мамырда 168 фунттағы мықты чемпионмен жұдырықтасады. Біз Golden Boy және DAZN-мен ақылдасып, Саульдің келесі қарсыласы кім болатынын анықтаймыз. Себебі аталған ұйыммен келісімшартымыз бар, оған құрметпен қарауымыз керек. Барлық тараптың көңілінен кімнің шығатынын көреміз. Головкинге келер болсақ, біз онымен үшінші жекпе-жек өткізуге дайынбыз, бірақ мамырда емес, мүмкін қыркүйекте сәті түсер, - деді Рейносо.
Бұған дейін Sports Illustrated басылымының тілшісі Крис Мэнникс: GGG – «Канело» жекпе-жегі не биыл қыркүйекте өтеді, не мүлде өтпейді, - деп мәлімдеген болатын.

GGG – «Канело»: Не биыл қыркүйекте өтеді, не мүлде өтпейді

Жанкүйерлер «Канело» - GGG жекпе-жегін күтіп жүр

Головкиннің жекпе-жегі тағы да кейінге шегерілуі мүмкін