Дмитрий Бивол Каллум Смитпен жұдырықтасады

Дмитрий Бивол Каллум Смитпен жұдырықтасады

Жартылай ауыр салмақта WBA, WBO және IBF чемпиондық белбеулерінің иегері Дмитрий Бивол титулдарын қорғау үшін британдық Каллум Смитпен жекпе-жек өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Биволдың болашақ қарсыласы WBO тұжырымы бойынша уақытша чемпиондық белбеуге ие.

Екі боксшы арасындағы жекпе-жек 12 желтоқсанда өтетін RCC турнирінің басты оқиғасы болады. Жарыс Екатеринбург қаласындағы «УГМК-Аренада» ұйымдастырылады.

35 жастағы Бивол кәсіби мансабында 25 жеңіске жетіп, бір рет жеңілген. Ресейлік боксшы соңғы рет 2026 жылдың мамырында шаршы алаңға шықты. Сол кезде Екатеринбургте төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен IBF тұжырымы бойынша міндетті үміткер Михаэль Айфертті жеңді.

36 жастағы Каллум Смит кәсіби мансабында 31 рет жеңіске жетіп, екі рет жеңіліс тапқан. Британдық боксшыны мексикалық Сауль Альварес пен ресейлік Артур Бетербиев қана жеңген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или