Даниэль Дюбуа Джозеф Паркерге қарсы чемпиондық белбеуін қорғайды

Даниэль Дюбуа Джозеф Паркерге қарсы чемпиондық белбеуін қорғайды

Аса ауыр салмақта WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы Даниэль Дюбуа бұрынғы чемпион Джозеф Паркерге қарсы жекпе-жек өткізеді. Кездесу 30 қаңтарда Манчестердегі Co-op Live аренасында өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Боксшылар 2025 жылдың ақпанында Сауд Арабиясында кездесуі тиіс болған. Алайда сол кезде IBF чемпионы болған Дюбуа сырқатына байланысты жекпе-жектен бас тартты.

Паркер оның орнына шыққан Мартин Баколені екінші раундта нокаутқа түсірді. Алайда 2025 жылдың қазанында Фабио Уордлиден 11-раундта техникалық нокаутпен жеңілді.

Осы жеңілістен кейін жаңазеландиялық боксшының допинг сынамасынан кокаин анықталды. 2026 жылдың тамызында оның дисквалификациясы алынып тасталды. Алдағы кездесу 34 жастағы Паркердің үзілістен кейінгі алғашқы жекпе-жегі болмақ.

Ал Дюбуа 2025 жылдың шілдесінде Александр Усиктен жеңілгеннен кейін Уордлимен екі рет кездесті. 2026 жылдың мамырында британдық боксшы қарсыласын 11-раундта жеңіп, бос тұрған WBO чемпиондық белбеуін иеленді. Ал қазан айындағы қарымта кездесуде Уордлиді екінші раундта нокаутқа түсірді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или
реклама
реклама
реклама
реклама