Джо Джойс Фьюри мен Джошуа жекпе-жегінің фаворитін атады
Британиялық ауыр салмақтағы боксшы Джо Джойс Тайсон Фьюри мен Энтони Джошуа арасындағы алдағы жекпе-жекке болжам жасады, деп хабарлайды Prosports.kz.
2016 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері бұл кездесуде отандасы Тайсон Фьюридің жеңіске жететініне сенімді.
«Тайсон қазір жақсы көңіл күйде. Оның шеберлігі мен аяқпен қозғалу техникасын ескерсек, бұл жекпе-жектің фавориті – Фьюри. Мен Тайсонға басымдық беремін.
Әрине, Энтонидің де ауыр соққыларының арқасында жеңіске жетуге мүмкіндігі бар. Ол қуатты соққы жасап, бірнеше соққыдан тұратын комбинацияларды жақсы орындайды. Алайда оның осал тұсы – иегі. Джошуаны нокдаунға түсіруге болатынын бұған дейін де көрдік», – деді Джойс Boxing News басылымына берген сұхбатында.
Фьюри мен Джошуа арасындағы жекпе-жек 11 желтоқсанда Уэльстің Кардифф қаласында өтеді деп жоспарланған.
Айта кетейік, 41 жастағы Джо Джойс қазіргі уақытта Фьюридің алдағы кездесуге дайындығына көмектесіп, оның спарринг-серіктесі ретінде жаттығып жүр. Бұған дейін ол Джошуаның жаттығу лагерінде де болған.
Джойс соңғы жекпе-жегінде Мәскеуде ресейлік Артем Сусленковтен жеңіліп қалған еді.