WBC рейтингінде қазақстандық боксшылардың орындары өзгерді

WBC рейтингінде қазақстандық боксшылардың орындары өзгерді

Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) барлық салмақ дәрежесі бойынша жаңартылған рейтингін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жартылай ауыр салмақта Әли Ахмедов екі сатыға төмендеп, 30-орынға жайғасты. Бұған дейін ол 28-орында тұрған.

Екінші орта салмақта Бек Нұрмағанбет те екі позицияға төмендеп, 14-орынға түсті. Ал орта салмақта Мейірім Нұрсұлтанов көшбасшылығын сақтап қалды.

Екінші жеңіл салмақта Сұлтан Заурбек жағдайын жақсартып, 16-орыннан 14-орынға көтерілді. Евгений Павлов үш саты төмендеп, 29-орынға жайғасты. Бекман Сойлыбаев 38-орыннан 39-орынға түсті.

Бірінші ең жеңіл салмақта Санжар Ташкенбай 35-орыннан 34-орынға көтерілді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или