Қазақстандық үш боксшы жасөспірімдер Олимпиадасының медалін жеңіп алды

Қазақстандық үш боксшы жасөспірімдер Олимпиадасының медалін жеңіп алды

Сенегал астанасы Дакарда өтіп жатқан жасөспірімдер Олимпиадасында Қазақстанның үш боксшысы жартылай финалға жолдама алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ширек финалдық кездесулердің қорытындысы бойынша Ақнұр Тұрсынғали, Марал Төлепберген және Бибарыс Әшірбай келесі кезеңге өтті. Осылайша, үшеуі де кем дегенде қола жүлдені қамтамасыз етті.

Енді қазақстандық боксшылар финал жолдамасы үшін жұдырықтасады.

57 келіге дейінгі салмақта Ақнұр Тұрсынғали украиналық Евангелина Петрукпен кездеседі. Ал 54 келіде Марал Төлепберген өзбекстандық Сабрина Чакомоноваға қарсы шығады.

Ерлер арасында 70 келіге дейінгі салмақта Бибарыс Әшірбай мексикалық Хорхе Луис Ньеблас Гутьерреспен қолғап түйістіреді.

Жартылай финалдық жекпе-жектер бүгін, 11 қарашада өтеді. Бірінші сессия Астана уақытымен сағат 17:00-де, ал кешкі бағдарлама 22:00-де басталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или
реклама
реклама
реклама
реклама