Қазақстан құрамасының капитаны Азия ойындарының алтынын жеңіп алды
Қазақстандық боксшы Айбек Оралбай Жапонияның Айти және Нагоя қалаларында өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарының алтын медалін жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz.
90 келіден жоғары салмақ дәрежесінің финалында Қазақстан өкілі өзбекстандық боксшы Жахонгир Зокировпен кездесті.
Айбек жекпе-жекті қарсыласынан жақсырақ бастады. Бірінші раундтың қорытындысы бойынша төрешілер 3:2 есебімен қазақстандық спортшының пайдасына шешім шығарды. Екінші үш минуттықта Оралбайдың басымдығы одан да айқын болып, барлық төреші раундты оның пайдасына жазды.
Сонымен қатар Зокиров ескерту алып, нәтижесінде одан бір ұпай шегерілді. Жекпе-жек соңында төрешілер бірауыздан Айбек Оралбайды жеңімпаз деп таныды.
Осылайша, Қазақстан құрамасының капитаны 2026 жылғы Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алған екінші қазақстандық боксшы атанды. Бұған дейін 70 келіге дейінгі салмақта Торехан Сабырхан чемпион атанған болатын.