Дулат Бекбауов келесі жекпе-жегін Мексикада өткізеді

Дулат Бекбауов келесі жекпе-жегін Мексикада өткізеді

Қазақстандық жартылай орта салмақтағы боксшы Дулат Бекбауов (4-0, 3 KO) кәсіпқой бокстағы келесі жекпе-жегінің күнін білді. Ол 31 қазанда Мексиканың Тихуана қаласында жергілікті боксшы Хуан Рамон Гусманмен (18-12-1, 14 KO) кездеседі, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жекпе-жекті Baja Boxing промоутерлік компаниясы ұйымдастырады.

Айта кетейік, Бекбауов соңғы жекпе-жегін 25 шілдеде Алматыда өткізіп, төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен Беларусь өкілі Евгений Долголевецті (8-3, 4 KO) жеңген болатын.

Ал Гусман қатарынан тоғыз жекпе-жекте жеңіліп, бұл кездесуге сәтсіз сериямен келіп отыр. Ол соңғы рет 9 мамырда мексикалық Антонио Вальдовиньосқа (11-1-2, 7 KO) техникалық нокаутпен есе жіберді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или
реклама
реклама