Майк Тайсонның ұлы бокстан дебюттік жекпе-жегін өткізеді

Майк Тайсонның ұлы бокстан дебюттік жекпе-жегін өткізеді

29 жастағы Амир Тайсон Misfits Boxing промоушенімен келісімшартқа отырып, 2026 жылдың желтоқсанында кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін өткізетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Аты аңызға айналған америкалық боксшы Майк Тайсонның ұлы бұл туралы Misfits Boxing турнирлерінің бірінің трансляциясы кезінде мәлімдеді. Сол жарысқа Олимпиада чемпионы Генри Сехудо да қатысқан.

«Желтоқсанда жекпе-жек өткіземін. Қатарынан үш қарсыласымды нокаутқа түсіргім келеді. Содан кейін Чейз Демурды жекпе-жекке шақырып, оның чемпиондық белдігін тартып аламын», – деді Амир.

Айта кетейік, Амир Тайсон осы уақытқа дейін ресми бокс жекпе-жегін өткізбеген. Балалық шағында әкесі ұлының боксқа айналысуына қарсы болған. Тіпті оны тележурналистикаға қатысты мамандық бойынша университетте білім алуға жіберген.

Кейін Амир сән және медиа саласында жұмыс істеп, спорт журналисті болды. Сонымен қатар бокс кештеріне комментаторлық қызметте болды. Атап айтқанда, 2024 жылы әкесінің Джейк Полға қарсы жекпе-жегін де тікелей эфирде талқылады.

Амир Тайсон алғашқы үш жекпе-жегінен кейін Чейз Демурмен кездесуді жоспарлап отыр. 30 жастағы америкалық кәсіпқой боксшының рекорды – 7 жеңіс, 2 жеңіліс және 1 тең нәтиже. Оның жеті жеңісінің барлығы нокаутпен аяқталған. Тамыз айында Демур аса ауыр салмақта WBC USA Silver белбеуін жеңіп алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или