Алуа Балқыбекова Азия ойындарының ширек финалына шықты

Алуа Балқыбекова Азия ойындарының ширек финалына шықты

Алуа Балқыбекова Жапонияның Айти префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарындағы алғашқы жекпе-жегін сәтті өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

51 келіге дейінгі салмақтағы жарыстың 1/8 финалында қазақстандық боксшы үндістандық Сакшимен кездесті. Тартысты өткен жекпе-жекте Балқыбекова 3:2 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша, қазақстандық боксшы турнирдің ширек финалына жолдама алып, Азия ойындарының жүлдесі үшін күресін жалғастырады.

Бұған дейін жарысты жеңіспен бастаған Қазақстан құрамасының тағы бір өкілі Торехан Сабырхан да келесі кезеңге өткен болатын.

Еске салайық, Азия ойындарына 43 спорт түрінен 468 жарысқа шамамен 15 мың спортшы қатысып жатыр. Құрлықтың 45 Ұлттық олимпиада комитеті ойындарға қатысуда.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или