Абдурашид Абдуллаев Азия ойындарының алтын жүлдесі үшін таласады
Қазақстандық спортшы Абдурашид Абдуллаев Жапонияның Айти және Нагоя қалаларында өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарындағы ушу-саньда турнирінің финалына жолдама алды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстандық спортшы 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді. Жартылай финалда ол Қытай Тайбэйінің өкілі Хуан Жанмен кездесіп, жеңіске жетті. Осылайша, Абдуллаев жарыстың басты жүлдесі үшін таласуға мүмкіндік алды.
Қазақстандық спортшы финалға дейінгі жолын Лаос өкілі Анонг Теунчалеунды жеңуден бастады. Келесі кезеңде Абдуллаев Непал спортшысы Санджив Махарджанмен өткен ширек финалдық жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтап, жеңіске жетті.
Осылайша, Қазақстан құрамасының спортшысы Азия ойындарында қатарынан үшінші жеңісіне қол жеткізіп, енді алтын медальға бір қадам қалды.
Еске салайық, бұған дейін ушу-саньдадан Қазақстанның тағы бір өкілі Әлижан Аблағатов 70 келіге дейінгі салмақта қола медаль иеленген болатын.