Головкиннің аты аңызға айналған қарсыласы әлемнің үздік боксшысымен бірге жаттығып жүр. ВИДЕО
Александр Усик пен Сауль «Канело» Альварес Испанияда бірге жаттығып жатыр. Мексикалық боксшы қазан айында Кристиан Мбиллиге қарсы өтетін жекпе-жегіне дайындалуда, деп хабарлайды Prosports.kz.
Канело WBC нұсқасы бойынша суперорта салмақтағы титул иегері Кристиан Мбиллимен жекпе-жекке дайындық үшін Гандия қаласын таңдады. Мексикалық боксшының жаттығу лагері украиналық чемпион Александр Усиктің залында өтіп жатыр.
Желіде әлемдік бокстың қос жұлдызының бірге жаттығу барысы түсірілген жаңа видео пайда болды. Кадрларды The Ring жариялады. Видеода Усик пен Канело жүгіру жолында жаттығып, алдағы жекпе-жектеріне дайындалып жатқаны көрінеді.
Альварес Испанияға өзінің әрі жаттықтырушысы, әрі менеджері Эдди Рейносомен бірге барған. Жарияланған кадрларға қарағанда, Рейносоның тағы бір шәкірті жартылай жеңіл салмақтағы әлем чемпионы Рафаэль Эспиноса да жаттығу лагеріне келген.
31 қазанда Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында «Мексика әлемге қарсы» деген атаумен үлкен бокс кеші өтеді. Кештің басты жекпе-жегінде Канело (63-3-2, 39 КО) жеңіліп көрмеген Мбиллимен (29-0-1, 24 КО) кездеседі.
Эспиноса (28-0, 24 КО) да осы бокс кешінде шаршы алаңға шығады. Оның қарсыласы титулға міндетті үміткер Лоренсо Парре (24-1-1, 18 КО) болады.