Джейк Пол мансабын бокс пен қатар ММА-да жалғастырғысы келеді

Джейк Пол мансабын бокс пен қатар ММА-да жалғастырғысы келеді

Джейк Пол жекпе-жек спортындағы мансабын бірден екі бағытта жалғастырмақ. Америкалық блогер бокс рингіне қайта оралуға дайындалып, алғаш рет ММА ережесі бойынша жекпе-жек өткізгісі келеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

29 жастағы блогердің айтуынша, оның келесі жекпе-жегіне қатысты келіссөздер басталып кеткен. Пол кәсіби бокстағы мансабын 2026 жылдың соңында немесе 2027 жылдың алғашқы айларында жалғастыруды жоспарлап отыр.

«Біз қазір бірнеше ықтимал қарсыласпен келіссөз жүргізіп жатырмыз. Осы жылдың соңында немесе келесі жылдың басында рингке қайта ораламын деп үміттенемін», — деді америкалық.

Сонымен қатар Пол алдына тағы бір мақсат қойды. Ол алдағы бір жыл ішінде аралас жекпе-жекте (ММА) бағын сынап көргісі келеді.

Полдың соңғы қарсыласы Энтони Джошуа болды. Жекпе-жек 2025 жылдың желтоқсанында өтіп, британдық боксшының алтыншы раундта техникалық нокаутпен жеңуімен аяқталды. Кейін Полдың жақ сүйегін сындырып алғаны белгілі болды.

Полдың ММА-ға ауысу мүмкіндігі оның MVP компаниясының PFL ұйымымен бірігуінен кейін арта түсті

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или