Әлем чемпионы Төрехан Сабырхан Азия ойындарының финалына шықты
Қазақстандық боксшы Төрехан Сабырхан Жапонияның Айти және Нагоя қалаларында өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарының финалына жолдама алды, Prosports.kz.
Әлем чемпионы 70 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетіп жатыр. Жартылай финалда Сабырхан Өзбекстан өкілі Шавкатжон Болтаевпен кездесті.
Жекпе-жектің алғашқы минуттарынан бастап қазақстандық боксшы бастаманы өз қолына алып, бірінші нөмірмен әрекет етті. Кездесу қорытындысы бойынша бес төрешінің барлығы да Сабырханның жеңісін тіркеді — 5:0.
Осылайша, Төрехан Сабырхан Азия ойындарының алтын медалі үшін таласатын болды. Шешуші жекпе-жек 2 қазанда өтеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или