Назым Қызайбай Азия ойындарындағы жарыс жолын аяқтады

Назым Қызайбай Азия ойындарындағы жарыс жолын аяқтады

Назым Қызайбай 2026 жылғы Азия ойындарындағы жарысын алғашқы жекпе-жектен аяқтады. Қазақстандық боксшы 54 келіге дейінгі салмақта 1/8 финалда Қытай өкілі Чжао Сюаньнан жеңіліп қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

2024 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері әрі үш дүркін әлем чемпионы Қызайбай үш раунд бойы басымдыққа ие бола алмады. Бірінші раундтан кейін төрешілер 4:1 есебімен қытайлық боксшыға басымдық берді. Екінші раунд та Чжао Сюаньның пайдасына 3:2 есебімен аяқталды.

Үшінші раундта Қытай өкілінің басымдығы одан да айқын болды — 5:0. Жекпе-жек қорытындысы бойынша төрешілердің басым бөлігі Қытай боксшысын жеңімпаз деп таныды — 4:1.

Осылайша, Қазақстан әйелдер құрамасының басты өкілдерінің бірі Азия ойындарында жүлде үшін күресті 1/8 финалда аяқтады.

Бүгін Оразбек Асылқұлов турнирдегі алғашқы жекпе-жегін өткізеді. 60 келіге дейінгі салмақтағы 1/8 финалда қазақстандық боксшы Оңтүстік Корея өкілімен кездеседі.

Бұған дейін Төрехан Сабырхан мен Алуа Балқыбекова өз салмақ дәрежелерінде ширек финалға жолдама алған еді. Қазақстанның тағы бір өкілі Сабыржан Аққалықов Оңтүстік Корея боксшысынан жеңіліп, жарысты аяқтады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или