WBO Жәнібек Әлімханұлына жаңа қарсылас тағайындады

WBO Жәнібек Әлімханұлына жаңа қарсылас тағайындады

Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) орта салмақтағы вакантты әлем чемпионы атағы үшін қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы мен даниялық Якоб Банк арасындағы жекпе-жекті ресми түрде бекітті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Рейтингте тиісінше бірінші және үшінші орындарда тұрған боксшылардың промоутерлеріне жекпе-жек шарттарын келісу үшін 15 күн уақыт берілді. Егер осы мерзім ішінде ортақ келісімге келе алмаса, жекпе-жекті өткізу құқығы промоутерлік саудаға шығарылады.

Бастапқыда WBO рейтингінде екінші орында Диего Пачеко тұрған. Алайда ол Дариус Фулгуммен жекпе-жек өткізу үшін титулдық айқастан қайтадан бас тартты.

Чемпиондық белбеу Хамза Шираз Жәнібек Әлімханұлымен (17-0, 12 КО) рингке шығудан бас тартқаннан кейін бос қалды. Британдық боксшы гонорар көлеміне көңілі толмағанын, сондай-ақ допинг дауына қатысты жағдайдан кейін WBO-ның қазақстандық боксшыны бірден міндетті үміткер мәртебесіне қайтару туралы шешіміне наразылығын білдірді.


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или