Бивол мансабындағы ең ірі жекпе-жегі үшін қанша гонорар алғаны белгілі болды
RCC промоушенінің бокс бағыты бойынша бас директоры Герман Титов Дмитрий Биволдың кәсіби мансабындағы ең ірі гонорарының көлемін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Оның айтуынша, ресейлік боксшының ең жоғары гонорары 15 миллион доллар болған.
«Менің білуімше, Дмитрийдің ең үлкен гонорары — 15 миллион доллар. Үшінші жекпе-жек үшін ол бұдан да көп ақша алғысы келеді, яғни өзінің ең жоғары гонорарынан асып түскенін қалайды. Ал Бетербиевке келсек, ол мүлде тегін жұдырықтасады деп ойламаймын. Бірақ Дмитрий алғандай қомақты сомаға емес», — деді Титов YouTube желісіндегі DrozdPodcast подкастында.
Бивол соңғы жекпе-жегін 2026 жылдың 24 шілдесінде өткізді. Оның қарсыласы германиялық боксшы Михаэль Айферт болды. Жекпе-жек толық өтіп, төрешілердің бірауыздан шешімімен Бивол жеңіске жетті.