Райан Гарсия Конор Беннді нокаутқа түсіріп, WBC титулын сәтті қорғады
АҚШ-тың Невада штатындағы Лас-Вегас қаласында Zuffa Boxing ұйымдастырған кәсіпқой бокс кеші аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Шоу бағдарламасының басты жекпе-жегінде жартылай орта салмақтағы WBC нұсқасы бойынша әлем чемпионы, мексикалық 27 жастағы америкалық Райан Гарсия 29 жастағы британдық боксшы Конор Беннмен кездесті.
Жекпе-жектің шешімі көп күттірмеді. Гарсия қарсыласын екінші раундта нокаутқа түсіріп, жылдам жеңіске жетті. Осылайша америкалық боксшы чемпиондық белбеуін алғаш рет сәтті қорғады.
Райан Гарсия кәсіпқой бокстағы мансабын 2016 жылы бастады. 2023 жылы жартылай орта салмақ дәрежесіне көтерілді. Бұл жеңістен кейін оның рекорды 25 жеңіс (21-і нокаутпен) және екі жеңіліске жетті.
Кәсіпқой бокстағы жолын 2016 жылы бастаған Конор Бенннің рекорды енді 25 жеңіс (14-і мерзімінен бұрын) және екі жеңілістен тұрады.